Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Абзал ағартушы, тұңғыш жазушы»
04.10.2023
4 қазанда Өлкетану әдебиеттері бөлімі Ыбырай Алтынсариннің көрнекті шәкірттерінің бірі, педагог-ағартушы, қоғам қайраткері, Меңдіқара ауданының тумасы Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына арналған «Абзал ағартушы, тұңғыш жазушы» атты еске алу кешін өткізді. Оның қаламынан «Үлгілі бала», «Орындалған арман» шығармалары, қазақ тіліндегі алғашқы роман саналатын «Қалың мал» туындысы жарық көрді.
Кештің құрметті қонақтары ретінде ағартушының немересі, педагог Қуанышбек Нәзірұлы, Жазушылар одағының мүшесі, ақын, драматург Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет, журналист, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Оразалы Отынбайұлы Жақсанов шақырылды. Қуанышбек Нәзірұлы өзінің бабасы жайындағы отбасылық естеліктерімен бөлісті. Ал Ақылбек Қожаұлы мен Оразалы Отынбайұлы Спандияр Көбеевтің рухани мұрасын зерделеу жөніндегі көп жылдық жұмыс туралы айтып беріп, жас ұрпақты туған өлкенің тарихы жайында, оның көрнекті қайраткерлері туралы көбірек білуге шақырды.
Іс-шара соңында қонақтарға кітап көрмесі ұсынылды.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus