Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қылқалам»
05.10.2023
5 қазанда кітапхананың бірінші қабатының фойесінде «Мольберт» балалар студиясының керемет, талантты, жас суретшілерінің «Қылқалам» атты суреттер көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге оқушылардың жұмыстарымен қатар олардың жетекшісі Темірбекова Айгүл Абайқызы мен студия педагогтарының жұмыстары да қойылды.
Көрмеге әртүрлі техникада: акварель, акрил, қарындаш, аралас техникада орындалған 45 жұмыс қойылды.
Жас студия суретшілерінің жұмыстары түрлі көрмелерде – сурет галереясында, тарихи-өлкетану мұражайында, «Март» СОО алаңында қостанайлықтарды бірнеше рет қуантты. Алайда кейбіреулері үшін бұл көрме алғашқы, ең әсерлі көрме болды.
Осы күні көрмеге келгендердің барлығы балалардың шығармашылығын таңдана тамашалап, шынайылық пен тазалық тұнып тұрған туындылардан ләззат алып қайтты.
«Жұлдыз» музыкалық студиясының қатысушылары кездесуді вокалдық нөмірлермен және домбырадағы Құрманғазы шығармаларымен безендірді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus