Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Шығармашылық аумағы»
18.01.2024
Өнер туралы әдебиеттер бөлімі көркемөнер көрмелерінің жылдық циклін белгілі қостанайлық суретші Георгий Соковтың жұмыстарымен ашты.
«Шығармашылық аумағы» көрмесі талантты кескіндемеші және график қана емес, сонымен қатар әдеби шығармаларды терең түсіне білетін суретшінің жұмысы арқылы Александр Блоктың поэтикалық бейнелер әлемін жақыннан көруге мүмкіндік береді.
Көрмеге графика жанрында салынған 18 туынды, оның ішінде Александр Блоктың портреті қойылған.
Ашылу салтанатына педагогтар, колледж студенттері, Георгий Михайловичтің әріптестері – Н. В. Торшин, О. В. Кусков, В. Быков, Н. В. Гончаров және басқалар қатысты. Музыкант Елена Рац гитарада авторлық әндерін орындап, қонақтарды әдемі музыкамен қуантты.
Іс-шара барысында дарынды суретшінің өмірі мен шығармашылығы жайындағы кітап көрмесі ұсынылды. Георгий Соковтың «Шығармашылық аумағы» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus