Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қаламынан жыр тұнған»
24.01.2024
24 қаңтарда Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК белгілі қостанайлық ақын, драматург, публицист Ақылбек Қожаұлы Шаяхметтің жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті.
Белгілі қазақ жазушысының шығармашылығы адамның жан дүниесін толғандыра отырып алуан түрлі тақырыптарды қозғайды. Оның шығармаларында сүйіспеншілік пен жеккөрушілік, жақсылық пен жамандық, жарық пен көлеңке тығыз байланысып жатады. Алайда ең бастысы жазушы қазіргі әлемге өз көзімен қарай біледі.
Тұсаукесерге қала мен облыстың шығармашылық зиялыларының өкілдері, оның талантын құрметтейтін көптеген қала тұрғындары, туыстары мен жақындары, БАҚ өкілдері, студент жастар, қаланың оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Закиевич Мұхаметқалиев, Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркітбайұлы Атамұратов, достары мен әріптестері Ақылбек Қожаұлын құттықтап, жүрекжарды пікірлерін білдірді.
«Қаламынан жыр тұнған» кітап көрмесі, «Қашқын» атты жаңа монодраманың театрландырылған қойылымы және Ақылбек Қожаұлының өлеңдерін оқу қатысушылардың әрқайсысына кітап тұсаукесерінің ахуалын ерекше сезінуге мүмкіндік берді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus