Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Олейникова Антонина Ивановна
05.03.2024
Қостанай облыстық орыс драма театрының актері, ҚР еңбек сіңірген әртісі, 1944 жылы 1 қаңтарда Пермь облысының Кизел қаласында дүниеге келген.
Оның Пермь мәдениет училищесін бітіргеннен кейінгі тағдыры Қостанай драма театрымен байланысты болды.
Антонина Олейникова сирек кездесетін, текті жерден шыққаны көрініп тұратын адамдарға жатады. Оның мейірімді келбеті, ұстамды мінезі, мәдениетті сөйлеуі және айналасындағыларға үнемі жақсылық тілеп тұратын ниеті оның ақсүйектерге тән бейнесін қалыптастырды. Алайда оның жүріс-тұрысында ешқандай жасандылық жоқ. Антонина Ивановна өзінің табиғатынан, тәрбиесінен, күшті адамгершілік өзегінен осылай қалыптасқан.
Ол ұзақ уақыт және сәтті ойнаған, сол үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі атағын алған лирикалық кейіпкердің рөлі уақыт өте келе жаңа және жұрт күтпеген кейіпкерге өзгерді. Соңғы уақытта Антонина Ивановна өзін қарапайым кейіпкерлер мен комедиялық рөлдерде сынап көрді және мұнысы да сәтті шықты. Алайда ең қарапайым рөлдің, мысалы, Сиренаның өзінен оның өзіне ғана тән туа біткен талғампаздығы түгелдей көрініс табады.
Бірде сұхбат барысында Антонина Ивановнадан актерлік мамандықтың мәні неде деген сұраққа: «Залдағы көрерменнің жанашырлық танытуы үшін ойнау. Жағымды кейіпкер ме, жағымсыз кейіпкер ме, кішкентай немесе үлкен рөл ме ол маңызды емес. Егер көрермен көргенінен ештеңе алмай кетсе, актерлер нашар жұмыс істеді деген сөз. Ең маңыздысы – көрерменнің жүрегіне сәуле түсіру. Осы үшін театрда жұмыс істеуге болады»,-деп жауап берген болатын.
Қырық жылдан астам уақыт ішінде актер 130-ға жуық рөл ойнады, олардың арасында Донна Анна «Декамерон», Королева «Три мушкетера», Корделия «Король Лир», Мақпал «Поэме о любви», Полина Андреевна «Чайка» және көптеген т.б. бар. Актердің соңғы жұмыстарының ішінде Кристина Мильман («Смешанные чувства» Р. Баэр), Ислаева («Месяц в деревне» И. Тургенев), Лошади («Очень простая история» М. Ладо), Розовая дама («Оскар и Розовая дама» Э. Шмитт), Деликатная старушка («Не делайте друг другу больно» Б. Жакиев) рөлдері бар.
Антонина Ивановна – нағыз кәсіби шебер, таңғажайып, ерекше және аздап жұмбақтау жан. Ол жеке өмірін жария еткенді жөн көрмейді және ыңғайы келгенде өзін жарнамалап жүретін жұлдыздарды түсінбейді. Ол: «Оның жеке өмірін неге жұрттың бәрі білуі керек? Бұл мақтанатын нәрсе емес. Белгілі бір интрига, айтылмаған ой болуы керек. Актер аздап жұмбақ тұлға болуы керек, сонда ол әрқашан жалпы жұрт үшін қызықты болады»,-деп санайды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus