Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Талант табиғаты»
12.03.2024
12 наурызда Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері театр және кино актері, Қазақ КСР халық әртісі Әмина Ерғожақызы Өмірзақованың туғанына 105 жыл толуына арналған бейнекездесу ұйымдастырды.
Әмина Өмірзақова ойнаған фильмдер әлі күнге дейін көрермендерге жарқын эмоциялар сыйлап келеді. Әртістің есімі қазақ киносының тарихында мәңгілікке алтын әріптермен жазылды. Бірқатар фильмде аналардың керемет те шынайы бейнесін сомдауының арқасында актриса экрандағы және сахнадағы қазақ әйелінің шынайы бейнесінің үлгісіне айналды.
Кездесуге қатысушыларды актрисаның өмірімен және шығармашылығымен таныстырды, оның қатысуымен түсірілген «Ангел в тюбетейке» комедиясын көрсетті.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus