Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Балалар әлемін таңғалдырған талант»
13.03.2024
2024 жылдың 12 наурызында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонементтер бөлімі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ақын, сценарийші, публицист, жазушы Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Кітап-Amanat» мәдени-ағарту орталығында «Балалар әлемін таңғалдырған талант» атты әдеби кеш өткізді.
Іс-шараның қонағы болған филология профессоры К. Қ. Есіркепова жазушының өмірбаяны, шығармашылығы мен қызметі туралы айтып беріп, оның танымал шығармаларына егжей-тегжейлі тоқталды. Әдеби кеш барысында кітап көрмесі, таныстырылым, оның өмірі туралы бейнероликтер ұсынылды және әйгілі «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетілді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus