Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Біз әртүрліміз, теңбіз, біргеміз» 08.01.2025 | Әмбебап оқу залы көпшіліктің назарын инклюзия мәселесіне аудару және мүмкіндігі шектеулі жандарды өмірдің әртүрлі салаларында әлеуметтендіру мақсатында оқырмандар назарына «Біз әртүрліміз, теңбіз, біргеміз» атты кітап көрмесін ұсынады. Көрмеде дене дамуында қиындықтары бар, оның ішінде мүгедектігі немесе ақыл-ой ерекшеліктері бар адамдарды қоғам өміріне белсенді тарту тақырыбы жайындағы кітаптар мен мерзімді басылымдардағы мақалалар ұсынылған. Г. С. Оразаеваның «Включение в коррекционную работу родителей детей с особыми образовательными потребностями» монографиясы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын балаларын түзетуге қатысуға дайындау мәселелерін қамтиды. Кітап арнайы білім беру жүйесінің мамандарына, ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына, біліктілікті арттыру жүйесінің қызметкерлеріне арналған. «Современное образование» журналындағы Николай Кравецтің «Уникальные проекты» мақаласында зағип балаларды әлемнің кез келген тілінде жазу мен оқуға үйретуге мүмкіндік беретін Брайльдің электронды тактильді өздігінен үйреткішін жасап шығарған қарағандылық жас инженер-энергетик Нұрбек Еңсебаев туралы айтылады. Кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейді және мезгіл-мезгіл жаңартылып отырады. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|