Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ауған соғысының жаңғырығы»
03.02.2025
Әмбебап оқу залы барлық ниет білдірушілерді Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына және еліміздің тарихында терең із қалдырған оқиғаларды еске алуға арналған «Ауған соғысының жаңғырығы» көрме-естелігін көруге шақырады.
Көрмеде Ауған соғысының негізгі сәттері, оның салдары және осы бір қасіретке толы оқиғаның куәсі болып, сол жерде от кешкен адамдардың өмірі туралы кітаптар қойылған. Экспонаттар қатарына ардагерлердің естеліктері, деректі айғақтар, публицистикалық мақалалар және нақты оқиғаларға негізделген көркем шығармалар енген.
Көрмеде осы елдің көп ғасырлық тарихының белгілі ғана емес, белгісіз тұстарын да ашатын С. Акибековтың «История Афганистана» және С. Таннердің «Афганистан. История войн» кітаптарына ерекше назар аударылған.
Көрме келушілер үшін бір ай бойы ашық болады. Барлығыңызды Ауған соғысының тарихымен, оның батырларымен және осы оқиғаларды бастан өткергендермен танысуға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus