Абонементтер бөлімінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел деген әдемі ғой, әдемі» атты көрме-портрет дайындалды. Көрмеде әдебиет пен тарихтағы әйгілі әйелдердің бейнелері ұсынылған, басылымдар түрлі дәуірдегі атақты әйелдердің өмірі мен шығармашылығында орын алған, бұрын айтылмаған оқиғалар туралы ақпарат береді. Көрме әйелдерді бағалаудың және олардың ұмтылыстары мен жетістіктерін қолдаудың маңызды екенін еске салады. Көрме ай бойы жұмыс істейді.