Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Отбасы: шаңырақ астындағы бақыт»
17.03.2025
2025 жылдың 16 наурызында кітапхананың фойесінде Негізгі қорды сақтау бөлімі Кітапханаларды дамыту бөлімімен және Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімімен бірлесе отырып Ғафу Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушылары үшін «Отбасы: шаңырақ астындағы бақыт» атты іс-шара өткізді.
Іс-шара Наурызнама онкүндігін және Шаңырақ күнін мерекелеуге арналды. Бұл – отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер жайында айтылатын ерекше күн. Кітапхана қызметкерлері Шаңырақ күні мен оның қалай атап өтілетіні туралы ақпарат беріп, жас ұрпақтың үлкендерді сыйлауы, құрметтеуі және тыңдауының маңызды екеніне назар аударатын, қазақ халқының отбасылық дәстүрін көрсететін ренжісіп жүрген жандарды татуластыру көрінісі қойылды, қазақ халқының отбасылық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы викторина өткізілді.
Іс-шара жиналғандардың ризашылығын тудырып, барлық қатысушыларға біздің қоғамдағы отбасы рөлінің маңыздылығын тағы да еске салды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
X

X
X
Система Orphus