Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Поэзия – өмірдің әрі мен нәрі» 17.03.2025 | 17 наурыздан бастап Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қонақжайында Дүниежүзілік поэзия күніне орайластырылған «Поэзия – өмірдің әрі мен нәрі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Поэзия кез келген сезімді білдіруге, жүрегіңнің түкпірінде жатқан небір ойларыңды оңай және қарапайым жеткізуге мүмкіндік беретін күш болып табылады. Онсыз біздің өміріміз мүмкін емес! Сондықтан ЮНЕСКО-ның шешімімен жыл сайын 21 наурызда атап өтілетін Дүниежүзілік поэзия күнінің құрылғаны өте дұрыс шешім болды. Көрмеде әртүрлі авторлардың: әлемге әйгілі, сонымен қатар қазіргі заманғы және классикалық авторлардың әр жылдары жарық көрген поэтикалық жинақтары ұсынылған. Сондай-ақ поэзия әуесқойлары мен кәсіби жазушылар өлең құрастыру теориясы жайындағы кітаптармен және сүйікті авторларының шығармаларын тереңірек түсінуге көмектесетін поэтикалық аударма жайындағы кітаптармен таныса алады. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|