Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Алтын адам ақиқатын айқындаған»
18.03.2025
Абонементтер бөлімінің қызметкерлері қазақстандық ғалым, физик Мағрипа Шөжеғұлқызы Жылқыбаеваның туғанына 80 жыл толуына арналған тұлға көрмесін дайындады. Көрме Мағрипа Шөжеғұлқызының өмірімен және ғылыми жұмысымен, оның маңызды зерттеулерімен және жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндік береді.
Экспозицияға Мағрипа Жылқыбаеваның «Алтын адамның аманаты», «Алтын адамның мұрасы», «Құпия күштер құдіреті» атты үш томдық еңбегі енген. Сондай-ақ оқырмандар көрмеден оның ғылыми мансабы мен оқытушылық қызметіне байланысты түрлі жарияланым материалдарын таба алады.
Экспозицияда ұсынылған QR-кодтарды сканерлеу арқылы әр оқырман танымдық бейнелер мен аудиокітаптарды көре және тыңдай алады.
Ағымдағы жылдың 18 наурызы мен 22 сәуірі аралығында жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
X

X
X
Система Orphus