Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жүрегімде қуаныш та, мұң да бар»
18.03.2025
18 наурыз күні Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК абонементтер бөлімінің қызметкерлері Қостанай автомобиль көлігі колледжінде ақын, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына арналған «Жүрегімде қуаныш та, мұң да бар» атты микрофон алдындағы оқу өткізді. Кітапханашылар ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы әңгімелеп, қатысушыларды оның құнды әдеби мұрасымен таныстырды.
Іс-шараға қатысқан колледж студенттері Молдағалиевтің табиғат сұлулығын, махаббаттың күші мен адамның күйзелісінің тереңдігін суреттейтін белгілі өлеңдерін қызығушылықпен оқыды. Сондай-ақ ақынның өзі орындаған әндер жазылған бейнеролик көрсетілді. Кездесу соңында қатысушылар тақырыптық кітап көрмесімен танысты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
X

X
X
Система Orphus