Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Кітап және қаламгер» | 05.05.2025 | Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер сериясын жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға қостанайлық белгілі ғалым, философия профессоры Ю. Я. Бондаренконың «Что такое философия?» монографиясын ұсынамыз. Кітап 2017 жылы шыққан. Онда автор оқырманға осы күрделі еңбектің негізгі сұрағына – «философия дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беруге көмектесетін белгілі көзқарастардың, тәсілдердің, ұстанымдардың алуан түрін ұсынуға тырысқан. Монография төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде автор философияның тарихи өзгерістер кезеңіндегі анықтамасымен танысуды ұсынады, кеңестік кезеңдегі және одан кейінгі уақыттағы анықтамалық әдебиеттердегі философияны анықтау мәселелерін қозғайды. Екінші бөлімде Юрий Яковлевич философиялық ойды тұжырымдай отырып оқырманға мәдениет алгоритмдері туралы түсінік алуға мүмкіндік береді. Үшінші бөлімде қазіргі кездегі философиялық ойды еркін түсіну мәселесімен танысуға болады. Төртінші бөлімде автор ежелгі философтың бейнесін әлемдік мәдениет мәнмәтінінде ашады, софизм мен скептицизм туралы ой қозғайды. Кітап тек гуманитарлық мамандықтардың студенттері үшін ғана емес, сонымен бірге зияткерлік қоржынын толтырғысы келетіндер үшін де пайдалы болады, автормен бірге ой бөлісіп, осы саладағы өз зерттеулерін бастауға мүмкіндік береді, сонымен қатар үлкен тарихи кезең аясындағы адам ойының эволюциясы дегеннің не екенін жақынырақ білуге көмектеседі. Қарау үшін сілтеме блйынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/shorts/HzbWjYEGBw8 | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|