Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»
08.05.2025
08 мамырда Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты концерттік бағдарлама өткізді.
Жеңіс күні аға буын өкілдері жасаған ерлікті еске түсіреді. Олар өз өмірлерін құрбан етіп, майданда Отанын қорғады, елде қалғандар тылда тынымсыз еңбек етті. Бұл біз үшін батырлықтың, табандылықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі болып қала береді. Іс-шарада оқырмандардың өздері шығарған өлеңдер оқылды, соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.
Көрермендер концерттің жанға жайлы, жүрекке мейірім төккен ерекше ахуалын атап өтті. Барлығы таныс әндерді қосыла шырқады, өнер көрсетушілерге қол соғып, қошемет көрсетті. Эмоцияға ерік беріп, соғыстың ауыр жылдарын еске алды. Бұл кеш жадыны сақтаудың және оны келер ұрпаққа берудің қаншалықты маңызды екенін тағы бір еске салды.
#ЖеңіскеБірге
#ВместеКПобеде
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus