Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Денсаулық – табыс кепілі» | 12.05.2025 | Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкерлері Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Денсаулық – табыс кепілі» атты кітап көрмесіне шолу дайындады. Көрмеде ұсынылған материалдар жеке гигиена мен дұрыс тамақтану негіздерінен бастап жыныстық тәрбие мәселелеріне, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алуға және отбасын жоспарлауға дейінгі көптеген тақырыптарды қамтиды. Көрмеде репродуктивті денсаулық мәселелеріндегі ең осал буын – жасөспірімдер мен жастарға бағытталған әдебиеттер ерекше орын алады. Жастардың хабардарлық деңгейін арттыру олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және болашақта саналы шешімдер қабылдауға ықпал етеді. Кітап көрмесіне шолу денсаулық сақтау және білім беру мамандары үшін де, репродуктивті денсаулыққа қызығушылық танытатын көпшілік аудитория үшін де пайдалы болады. https://youtu.be/h_OuBXDGP4E
| | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|