Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Денсаулық – табыс кепілі» | 12.05.2025 | Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залында Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы аясында ұйымдастырылған «Денсаулық – табыс кепілі» кітап көрмесі өз жұмысын жалғастыруда. Көрмеде салауатты өмір салты, физикалық белсенділікті сақтау, жаман әдеттермен күресу, репродуктивті денсаулықты сақтау және нығайту мәселелеріне арналған түрлі әдебиеттер ұсынылған. Үйлесімді дамудың негізі ретінде жеке гигиена және дұрыс тамақтану, жыныстық тәрбие және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу, отбасын жоспарлау және психологиялық денсаулық, дене шынықтыру және спорт сияқты маңызды тақырыптарға ерекше назар аударылады. Көрмеде репродуктивті денсаулық мәселелеріндегі ең осал буын – жасөспірімдер мен жастарға бағытталған әдебиеттер ерекше орын алады. Ұсынылған басылымдар жастардың хабардарлық деңгейін арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған. Кітап көрмесі денсаулық сақтау және білім беру саласының мамандары үшін де, саламатты және белсенді өмір салтын ұстанатындар үшін де қызықты әрі пайдалы болады. Көрме жыл бойы жұмыс істейді және жаңа басылымдармен толықтырып отырылады. Кітапханаға келіп, материалдармен танысуға шақырамыз! | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|