Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Рухани қазына – 2025» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің Республикалық фестивалі | 20.05.2025 | Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында Астана қаласында «Рухани қазына – 2025» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің Республикалық фестивалі өтуде. Қостанай облысының атынан «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша Арқалық қ. №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша Қарабалық аудандық орталық кітапханасы, «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша Алтынсарин ОКЖ Маяков ауылдық кітапханасы, «Балалар, жасөспірімдер немесе балалар және жасөспірімдерге арналған үздік кітапхана» номинациясы бойынша Жітіқара аудандық орталық кітапханасы, «Облыстық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша Әмірхамзина Гүлжанат Хасенғалиқызы, «Аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша Көшкінбай Сымбат Мұратқызы қатысуда. Салтанатты марапаттау рәсімі 21 мамырда өтеді. Қатысушыларға сәттілік тілейміз! | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|