Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Экскурсия
22.05.2025
22 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қостанай қаласының «№27 жалпы білім беретін мектебінің» бастауыш сынып оқушылары үшін танымдық экскурсия өтті.
Балалар кітаптарды қалай дұрыс ұстау керектігін білді, кітапхананы пайдалану ережелерімен және кітап жасау тарихымен танысты. Ұлы суретшілер мен әлемдік өнердің маржандарына арналып көркем безендірілген кітап көрмелері мен түрлі түсті суреттермен әсем безендірілген басылымдар ерекше назар аударды.
Оқушылар балалар энциклопедияларын, журналдар мен көркем әдебиеттерді қызығушылықпен тамашалады. Экскурсия соңында кітапхана қызметкерлері ертегілер мен әдеби кейіпкерлер бойынша интерактивті викторина ұйымдастырды, оған қатысу балаларға көптеген жағымды көңіл күй сыйлады.
Кітапханамен танысу жылы және достық ахуалда өтті және балаларға көптеген жарқын әсер қалдырды, ең бастысы болашақта кітапхананың тұрақты оқырманы болам деген ниет болды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus