Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлттық домбыра күні»
23.06.2025
Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы назарларыңызға Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлттық домбыра күні» кітап көрмесін ұсынады. Қазақ халқының ең көне музыкалық аспабы – домбыраға арналған бұл мереке жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Домбыра – Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен музыкалық мұрасының символы.
Көрмеде «Домбыра», «Домбыра туралы аңыз», «Домбыра өнері және эстетикалық тәрбие» секілді кітаптармен, сондай-ақ домбырада ойнауды үйренгісі келетіндер үшін тамаша көмекші бола алатын Ж. Нәжімеденовтің «Домбыра тартып үйренеміз» құралымен таныса аласыздар. Экспозицияда QR-кодтар ұсынылған, олардың көмегімен аудио және бейнематериалдарға қол жеткізуге, белгілі күйшілердің күйлерін тыңдауға, сондай-ақ домбыра және оның Қазақстан мәдениетіндегі рөлі туралы қосымша ақпарат алуға болады.
Баршаңызды қазақ мәдениетінің бай мұрасымен жақынырақ танысуға және бір ай бойы жұмыс істейтін көрмемізге келуге шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus