Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Қасым Мәуленов дәріс оқыды | 25.07.2025 | 25 шілде күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында заң ғылымдарының докторы, ғалым Қасым Мауленов екі бірдей дәріс оқыды. Бірінші, «Их оружие, пулемёт и слово: о поэтах, фронтовиках, писателях, учёных» деген тақырыпта. Мұнда қару мен қаламды қатар ұстаған майдангер ақын-жазушылар мен ғалымдар Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, С. Мәуленов, С. Нұрмағамбетов, С. Зимановтар туралы сөз болды. Екінші дәріс – автордың әкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ КСР-інің Халық жазушысы, көрнекті ақын және прозашы, жерлесіміз Сырбай Мәуленовтың шығармашылығына арналды. Оның шығармалары өзектілігін жоғалтпай, жас ұрпақ үшін адами-рухани бағдар әрі көркем сөздің жоғары үлгісі болып қала бермек. Осындай форматтағы кездесу тұңғыш рет өтіп отыр. Жиналғандар қазақтың көрнекті жазушылары мен ғалымдарының өмірі мен шығармашылығымен танысу мүмкіндігіне ие болды. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|