Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Шындыққа жетудің мерзімі жоқ»
19.09.2025
19 қыркүйекте Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ағылшын жазушысы және драматургі Агата Кристидің (1890-1976) туғанына 135 жыл толуына орай «Шындыққа жетудің мерзімі жоқ» атты әдеби кеш өткізді.
Іс-шара қатысушылар жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы білімдерімен жарысқан, оның шығармаларының сюжеттеріне негізделген қылмыстық жұмбақтарды шешкен зияткерлік ойын түрінде өтті. Ұйымдастырушылар ойынға және одан кейінгі талқылауға қатысушылардың барлығын дерлік тарта білді. Олардың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ студенттері, №2 мектеп-лицейдің және Б. Момышұлы атындағы №5 мектеп-гимназияның оқушылары, педагогтар, қаланың шығармашыл зиялы қауым өкілдері болды.
Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды, ал ең белсенді қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus