Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Кітап жәрмеңкесі | 24.09.2025 | Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК-нда «КitapTime-2025» IV жалпы республикалық кітап фестивалі аясында жәрмеңке өтті, онда әрбір кітап оқуды сүйетін адам өзінің талғамына сай келетін кітаптарды тауып, оларды сатып алуға мүмкіндік алды. Жәрмеңкеде жергілікті талантты авторлар А. Шаяхметтің, А. Маудановтың, А. Суслованың, Ә. Әмірдің шығармалары ұсынылды. Бұл жерлестердің шығармашылығымен танысудың, оларға қолдау көрсетудің және жас та болса талантты авторлармен жүздесудің тамаша мүмкіндігі болды. Мектеп оқушылары, жергілікті оқу орындарының студенттері және кітапхана оқырмандары жазушылармен әңгімелесіп, оларға сұрақтар қойды, сатып алған кітаптарына қолтаңбалар қойдырып алды. Бұлардан басқа «Ахмет Байтұрсынұлы» кітап үйі» ЖШС кітап дүкені қонақтарды ең танымал басылымдардан бастап әртүрлі жанрдағы жаңа кітаптарға дейінгі көптеген әдебиеттермен қуантты. Оқытушылар үшін пайдалы әдістемелік әдебиеттер де ұсынылды. Кітапханаға келушілердің барлығы баспа өнімдерінің таңғажайып әлеміне еніп, үйлеріндегі жеке кітапханаларын толықтыруға мүмкіндік алды! | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|