Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Сөз өнерінің қос саңлағы» | 23.10.2025 | 23 қазанда Абонементтер бөлімінің қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қостанай автомобиль көлігі колледжінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері – жазушы, ақын, әдебиет сыншысы және аудармашы Тәкен Әлімқұловтың, сондай-ақ ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған «Сөз өнерінің қос санлағы» атты әдеби кездесу ұйымдастырды. Іс-шарада қатысушылар «Бір ел – бір кітап» акциясы туралы көбірек біліп, оның маңыздылығы мен қазақ әдебиетін танымал етуге қосқан үлесіне баға берді. Оқушылар осы авторлардың шығармаларымен танысуға мүмкіндік алған кітап көрмесіне шолу жасалды. Кездесудің интерактивті бөлігі – Kahoot платформасында өткізілген викторина ерекше қызығушылық тудырды. Қатысушылар ойын түрінде Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тексерді, бұл іс-шараның танымдылығын арттырып қана қоймай, оны қызықты етті. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|