Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Халқын оятқан қаламгер»
29.10.2025
29 қазан күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша филиалы – республикалық исламдық діни бірлестік «Аймағанбет қажы Сұлтанұлы» мекемесі ұлт руханиятының көрнекті өкілі, ұлы ақын, жазушы әрі қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған «Өмірі мен мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Ауқымды шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, рухани мұра мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызына тоқталды. Конференция аясында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылық жолына арналған «Халқын оятқан қаламгер» атты мазмұнды кітап көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Көрме үш бөлімнен тұрды: жазушының өмір жолы, қоғамдық қызметі және шығармашылық мұрасы. Сонымен қатар, кітапхана қорына жаңадан түскен басылымдармен толықтырылып, бұрын көпшілікке беймәлім болған мақалалар мен сирек кездесетін деректер де көрермен назарына ұсынылды.
Бұл көрме келушілер тарапынан зор қызығушылық тудырды. Қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері, Астанадан келген белгілі ғалымдар, сондай-ақ көркем фильмде Міржақып Дулатұлының бейнесін сомдаған актер Бақытжан Қажыбаев та осы рухани шараның қадірлі қонақтарының бірі болды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus