Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Ұлы дала әуендері» | 12.11.2025 | Өнер туралы әдебиеттер бөлімі композитор, педагог, профессор, Қазақ КСР халық әртісі, алғашқы қазақ опералары мен оркестрлік шығармаларының авторы Евгений Григорьевич Брусиловскийдің туғанына 120 жыл толуына арналған «Ұлы дала әуендері» атты безендірілмелі кітап көрмесіне шақырады. Көрмеде композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар мен мақалалар, сирек кездесетін фотосуреттер, хаттар, замандастарының естеліктері, партитуралар, ноталық басылымдар мен оның шығармаларының бағдарламалары, «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» операларының және басқа да көрнекті шығармалардың жасалу тарихы туралы материалдар ұсынылған. Көрме 1930 жылдары Қазақстанға келген жас композитордың фольклор мен академизмді, халық ауыз әдебиеті мен партитураны, ұлттық дыбыс пен әлемдік сахналық музыканы қалай шебер үндестіре білгені туралы баяндайды. Брусиловскийдің арқасында қазақ халық әуені алғаш рет сахнадан опера, кантата, симфониялық поэма түрінде шырқалды, ал ұлттық сюжеттер музыкалық драманың ауқымына ие болды. «Ұлы дала әуендері» – өткенді еске алу ғана емес. Бұл даланың дауысын жер жүзінің жұртына жеткізуге көмектескен адам туралы көрме. Көрме 12 қараша және 12 желтоқсан аралығында жұмыс істейтін болады. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|