Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұрпақтар жадында сақталар соғыс»
18.11.2025
18 қарашада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ студенттері үшін ерлікке толы сол жылдардағы оқиғаларға арналған «Ұрпақтар жадында сақталар соғыс» көрмесіне шолу ұйымдастырылды. Шолу аясында Ұлы Отан соғысы, сарбаздардың ерліктері мен тылдағы халықтың ерен еңбектері жайындағы кітаптар, естеліктер, поэтикалық жинақтар мен деректі басылымдар ұсынылды. Қазақстан мен Қостанай облысының жалпы Жеңіске қосқан үлесі туралы баяндайтын материалдарға ерекше назар аударылды.
Көрмені әскери экспонаттар, батырлардың фотосуреттері және кітапханашылардың қолымен қалпына келтірілген майданнан жазылған хаттар толықтырды, олар жеңімпаздар ұрпағының ерлікті ешқашан ұмытпайтынын және әр кез құрмет тұтатынын көрсетіп, көрмеге ерекше атмосфера берді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus