Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Айналадағы әлем барлығына қолжетімді»
21.11.2025
21 қарашада Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің Рудный қаласындағы филиалында Халықаралық соқырлар күніне арналған «Айналадағы әлем барлығына қолжетімді» атты дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында көру қабілеті бұзылған адамдардың өмірі мен құқықтарына, олардың қоғамға кірігуіне және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Іс-шараға «Мир нашими глазами» ҚБ өкілдері: қоғамдық бірлестіктің төрағасы Сұлтанғалиева Дана Бекболатқызы, белсенді Исмуратов Адай Борисович және заңгер Ахметов Бақыт шақырылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар әлеуметтік бейімделу мен қолжетімді ортадан бастап құқықтық қолдау мен қоғамдық бастамаларға дейінгі түрлі тақырыптарды талқылады.
Іс-шара жылы, достық және салтанатты жағдайда өтіп, өзара түсіністіктің, көру қабілеті шектеулі адамдарға көңіл бөлудің және қамқорлық көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus