Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Экскурсия | 25.11.2025 | | 25 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері «Қостанай колледжі» мекемесінің сырттай оқу бөлімінің студенттері үшін экскурсия өткізді. Жан-жақты ақпарат берген экскурсия барысында олар кітапхананың тарихы, бөлімдердің жұмысы, электрондық каталог және электрондық деректер базасы туралы білді. Кітапханаларды дамыту, негізгі қорды сақтау, өлкетану әдебиеттері бөлімдеріне ерекше қызығушылық танытты. Сирек кітаптар мұражайындағы XVII-XVIII ғасырлардың ескі баспа кітаптары мен басқа да ерекше басылымдар, сондай-ақ өлкетану бойынша толық мәтінді деректер базасы туралы ақпарат та олардың назарын аударды. Көптеген экскурсанттар алынған ақпараттың пайдалы болғанын және олар облыстық кітапхананың ақпараттық ресурстарын міндетті түрде пайдаланатынын атап өтті. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|