Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мәңгілік өнер. Искусство на все времена»
26.11.2025
26 қарашада әдеби қонақжайда жыл сайынғы облыстық «Мәңгілік өнер. Искусство на все времена» әдеби байқауының қорытындысы шығарылды. Биылғы байқауға 22 ақын мен жазушы қатысты, жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданды.
Барлық қатысушыларға байқауға қатысқандары туралы сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Байқауға «DizDeco» және «Мебель Белка» жиһаз дүкендері, «Техномир» көтерме-бөлшек дүкені, «Рус-Дан» ЖШС, «Bauyrdaq» кафесі демеушілік етті.
Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтып беріп, сындарлы сын айтты және байқаудың деңгейін жоғары бағалады.
Жүлделі орындар келесідей ретпен бөлінді: Гран-при – Кадерова Элеонора, 1-ші орын – Маратқызы Ақниет, Немцева Надежда Ивановна және Дубиковская Олеся Алексеевна, 2-ші орын – Нағашыбай Инабат және Демидович Евгений Викторович, 3-ші орын – Баяхметова Аружан. Жеңімпаздар көрермендерді өз шығармаларымен таныстырды. Өлеңдер мен прозалық шығармалардан үзінділер оқылды.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға шығармашылық табыс тілеп, байқау қорытындысы бойынша әдеби альманахтың шығарылатынын жеткізді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus