Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Жазғы экскурсия 24.06.2015 | Әдеби орталық 24.06 Ыбырай Алтынсаринның мемориалдық мұражайы мен көрмелер галереясына экскурсия жасады. Мағыналы да мәнді экскурсияны жүргізген Аида Мұсабаева келгендерді атақты ағартушының өмірімен және қызметімен таныстырды. Қостанайлық ақындар мен поэзияға құштарлар көрмеге қойылған құжаттармен, экспозициялармен, мүсіндермен мұқият танысты. Сондай-ақ Мәриям Хакімжанова, Ғафу Қайырбеков, Нәзира Дәулетова және Сәбит Досанов секілді танымал жерлестеріміздің өмірлері мен қызметтері туралы қойылған материалдар да қонақтардың таңданысын тудырды. Көрмелер галереясының меңгерушісі Сая Калинова жергілікті суретші Т.Халифаеваның шығармашылығы жайында асқан ризашылықпен және отаншылдық тұрғысынан әсерлі әңгімеледі және бұл өз кезегінде келгендердің қызу қолдауына ие болды. Танымдылығы мол және әдеміліктен алынған әсерлер әдеби шығармашылықтың артуына әсер етеді деп сенеміз. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|