Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы
17.03.2016

Жыл авторы – Дулат Бабатайұлы

         Абонементтер бөлімінде ақын, ойшыл, жырау Дулат Бабатайұлына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының қазылар алқасының шешімімен 2016 жылы Қазақстанда жалпы оқылатын басты кітап ретінде ХІХ ғ. атақты қазақ ақыны Дулат Бабатайұлының шығармалары танылды.  

         Көрменің басты бөлігіне Д.Бабатайұлының «Шығармалары мен тағылымы» және «Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, мысал өлеңдер. Зерттеулер, пікірлер» секілді шығармалары, сондай-ақ ақынның өлеңдері енген «Произведения казахских акынов XVIII-XIX веков» жинағы, «Үш ғасыр жырлайды» (революцияға дейінгі кезеңдегі қазақ ақындарының шығармалары) басылымы, «Бабадан қалған асыл сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Қазақ афоризмдері», «Поэты пяти веков», «Поэты Казахстана» кітаптары қойылған.

         Қазақ поэзиясының көрнекті өкілінің өміріне қатысты құнды мәліметтер келтірілген энциклопедиялық басылымдар да бағалы дүниелер болып табылады. Олардың ішінен «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясын (қазақ және орыс тілдерінде), «Литература Казахстана» энциклопедиялық анықтамалығын, «Абай» энциклопедиясын ерекше атап өтуге болады.  Р.Сыздықованың «Абай шығармаларының тілі» көп томдық басылымы, ғалым, жазушы, драматург Қ. Мұхамедхановтың «Көп томдық шығармалар жинағы» зерттеулері, «Звезды казахской литературы» кітабы және басқалары да назар аударуға тұрарлық дүниелер.

         Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысуға және Дулат Бабатайұлының шығармаларын оқуға шақырамыз. Кітап көрмесі 2016 жылдың 31 қыркүйегіне дейін жұмыс істейтін болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus