Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Мамандығы – Отан қорғаушы
13.05.2016

Әскерде неге және қалай қызмет ету керек, нені және неге білуі тиіс екендігі туралы студенттер мен оқушыларға 12 мамыр күні Қостанай облысы бойынша Қорғаныс істері департаментінің өкілдері айтып берді.

Колледж студенттері мен мектеп оқушыларынан құралған сексеннен астам адам «Отанға қызмет ету – абыройлы міндет!» әскери-патриоттық тәрбие шарасына қатысты. Әскердегі күнделікті өмір мен ондағы қызметтің ерекшеліктері туралы отанымыздың болашақ қорғаушыларына Қостанай облысының Қорғаныс істері департаментінің өкілі Никифоров Александр Николаевич әңгімелеп берді.

«Қазіргі кезде әскерде қызмет ету сәнге айналып келеді, жігіттер әскерге құлшыныс білдіруде. Тек оларға әскерде болғанның құрметке, беделге ие болатындығын уақытында түсіндіріп отыру керек»,- дейді капитан, запастағы офицерлермен және кадрлармен жұмыс бастығы Асылбек Қибеков.

Кездесу бейресми тұрғыда өткендіктен, кез келген адам ойындағы сауалын ірікпей қоюға мүмкіндік алды. Студенттер (соның ішінде қыздар да) қазақстандық әскердің қарулы күштері қатарына іріктеу барысында қандай талаптар қойылатыны жайында сауалдар қойысты. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus