Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Герои Великой Победы - казахстанцы» кітабының тұсаукесері
16.05.2016

13 мамырда қонақжайда Астанадағы «Фолиант» баспасы шығарған «Герои Великой Победы - казахстанцы» кітабының тұсаукесері болып өтті. Аталған екі томдық басылымның шығуына Еуразиялық топтың қаржылай қолдау көрсетуімен «Нұр Отан» партиясы мұрындық болды.

Кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленген қазақстандықтардың есімдері енгізілген. Қазіргі және келешектегі ұрпақ үшін өз елінің ерлерінің есімдерін ұмытпаудың аса маңызы екендігі даусыз.

«Нұр Отан» ҚОФ саяси бөлімінің меңгерушісі Абылайхан Кәкенов мұның ұжымдық еңбектің нәтижесі екендігін, жобаның бірқатар ғылыми және практикалық жаңалығы бар екендігін, көрсеткіштерінің сандық және сапалық тұрғыдан өскендігін атап өтті.

Тұсаукесерге ардагерлер, Қазақстан халық ассамблеясының облыстық филиалының өкілдері, қаланың оқу орындарының студенттері қатысты.  Ардагерлер М. И. Подоляков, Н. Г. Наприенко, Н. Г. Барабанов, Б. К. Копеш және т.б. өз сөздерінде басылымды шығарушыларға кітап үшін алғыстарын айтысып, соғыстағы ерлеріміз жайындағы естеліктердің Отансүйгіштікті тәрбиелеуге қосар үлесінің елеулі екендігін жеткізді.

«Нұр Отан» партиясының өкілдері ардагерлерге, Облыстық ардагерлер кеңесіне және кітапханаға тұсауы кесіліп отырылған кітапты сыйға тартты. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus