Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ашылып болмаған ақын
09.06.2016

А.С.Пушкиннің туған күні оның шығармашылығынан шабыт алатындардың қаламыздағы ақынның ескерткіші жанында бас қосуы дәстүрге айналды.

Болашақ лицеист және жас таланттың өзінің алғашқы өлеңін француз тілінде жазғаны белгілі. Шараны жүргізген А.Қасымжанов 6 маусымда болған А.С.Пушкин ескерткішінің жанындағы кездесуді дәл осы өлеңді оқып ашты.

Әдеби орталықтың жетекшісі Д.Дәуренбекова биыл А.С.Пушкиннің «Капитанская дочка» повесінің жазылғанына 180 жыл толып отырғаннын атап өтті.  Повеске материал жинай жүріп ақын қазақ жеріне аяқ басқан, Орал қаласында болған және бұл ара ақынның Шығысқа жасаған сапарындағы соңғы елді мекен болды. Бұл жерде ақын көне көз қариялармен, Пугачев көтерілісінің куәларымен кездесіп, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде Оралда ақынның ескерткіші, кеуіті, Пушкин сквері, Пушкин үйі бар. Қалада үш дата: ақынның туған күні, Оралға келген күні, ақынның қайтыс болған күні аталып өтіледі.

Бұл кездесуде Пушкин өлеңдері француз, ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде оқылды.  Бос тұрған микрофонға Ә. Досов, А. Суслова, Ю. Бондаренко, В. Лоскутников, Т. Кайгородцева, С. Левченко секілді қостанайлық ақындар шықты. Жиналғандар М. Калашеевтің  шығарманы көркем оқу шеберлігіне куә болысты.

Кездесу соңында қаламыздың қонағы, белгілі ресейлік режиссер, жерлесіміз Валерий Захарьев сөз сөйледі.

Мұндай кездесулер Александр Сергеевич Пушкиннің ешкімді алаламағанын және әлемнің оны да құрметтейтінін көрсетеді.  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus