Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ой алыбы
20.07.2016

Қазақтар ең бір ұлы ұлын аялай ардақтап – Абай атаған. Абай – ұлы ақын, композитор, аудармашы, философ һәм қоғам қайраткері.

Абай шығармаларының әр беті – даналық жайындағы сабақтар жинағы, бізге тек рухани мектептің есігін қайта-қайта ашу ғана қалған.

Абонементтер бөлімінде Абай Құнанбаевқа арналған бір автордың көрмесі ұйымдастырылған және біз 10 тамызда оның дүниеге келген күнін атап өтетін боламыз.

Көрменің көрнекті жеріне адамзаттың даналық ойының әдеби ескерткішіне айналған «Қара сөздері», «Өлең - сөздің патшасы» және «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп...» шығармалар жинақтары, «Үш тілдегі жиырма өлең» кітаптары, «Таңдамалы» және басқа шығармалары қойылған. Әдебиет зерттеуші ғалымдардың, соның ішінде Ж.Ысмағұловтың «Абай: Даналық дәрістері» ғылыми басылымы, Р.Сыздықованың «Абайдың сөз өрнегі» көп томдық басылымының бір томы, З.Ахметовтың «Абай и Лермонтов» эссе кітабы, «Абай. Пушкин» жинағы және т.б. ерекше қызығушылық тудыратын дүниелер.

Қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтың әлем мойындаған үздік шығармасы – «Абай жолы» романы көрменің көрнекті жеріне қойылған. 

Кітап көрмесімен танысып шыққан адам Абайдың тамаша шығармаларымен танысуға тағы бір мүмкіндік алады. Көрме 22 тамызға дейін жұмыс істейтін болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus