Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
КТК және кітапхана - бірге көңілді!
05.12.2013

Кез келген істің нағыз шебері болу оңай шаруалардың бірі емес екендігі белгілі. Сондықтан да кәсіби шеберліктің түрлі байқауларын өткізу сала ішінде шебердің шеберін анықтауды мақсат етеді.  Жыл сайын Қостанай облысы кітапханашыларының арасында түрлі жарыстар өткізіліп отырылады. Оның ішінен дәстүрлі болып кеткен «Жылдың үздік кітапханашысы», «Үздік ауылдық кітапхана» байқауларын атауға болады. Соңғы жылдары ақпараттық технологиялардың белсенді енгізілуіне байланысты үздік электронды көрмелер, буктрейлерлер байқауы, «Кітапханалық көзқарас» тақырыбымен бейнероликтер байқауы және басқалар кеңінен өткізіле бастады. 

Екі жылдан бері облыс кітапханашылары КТК секілді байқауды жемісті игеріп келеді. Себебі адамның шығармашылық қабілеті ойын ережесіне бағына білуге, ойнай білуге және оған өзіндік өрнек қоса білуге бағытталған болуы тиіс.

2013 жылдың 29 қарашасында облыстық Қуыршақ театрында қалалық кітапханалар командалары арасында КТК ойыны болып өтті.  Бірінші орын үшін «Рудничанки» (Рудный қ. ОКЖ ), «БУМ» (Қостанай қ. ОКЖ) және «Лисабон» (Лисаков қ. ОКЖ) командалары таласты. КТК «Кітапқа кеткен көңіл» тақырыбымен өтті. 

         Командалар келесідей атау бойынша бақ сынасты:

-         таныстыру – «Жер бетінде жақсы кітап жетерлік»,

-         үй тапсырмасы – «Қазіргі кездегі кітапханашының армандары»,

-         сазды байқау – «Жаныңды жеген инновация»,

- капитандар байқауы. Капитандар байқауы капитанның әзілдесе білуі, жағдайға байланысты әрекет ете білуі, тақырыпты толық аша білуі секілді жеке қасиеттерін анықтау мақсатында өткізілді.  

КТК құрамына түрлі мәдениет саласында шығармашылықпен айналысып жүрген қызметкерлер кірген білікті қазылар алқасы бағалады.   

Қазылар команданың тақырыпты аша алғандығына, сондай-ақ қатысушылардың музыкалық және әншілік қабілеттеріне баға берді.

Жарыстың алғашқы минуттарынан-ақ Рудный қ. ОКЖ командасы көрермендердің жүрегін жаулап алды. Ол көрермендерді өздерінің әртістік қабілеттерімен, әзілдерімен және тапқырлықтарымен тәнті етті.  Шығармашылық шеберлік пен жастық жалын Рудный қалалық ОКЖ қызметкерлеріне жүлделі бірінші орынды жеңіп алуларына мүмкіңдік берді.

Қатты дайындалып келген командамен болған тартыста Қостанай қ. ОКЖ «БУМ» командасына  екінші орынды жеңіп алудың сәті түсті. Екінші  орынға ие болғандарына қарамастан оны лайықты жеңіс деуге болады.

Лисаков қ. ОКЖ «Лисабон» командасы үшінші орынға ие болды. Соған қарамастан аталған команданың өкілдері есте қаларлықтай өнер көрсете алды. Оларға сәл ғана жігер мен табандылық жетпей қалды.  

Кітапханашылар жұмыс барысында күнделікті кездесіп жататын келеңсіздіктер мен қиындықтарға күле қарай алатындықтарын шеберлікпен көрсете білді. Олар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, бір жылға жетер жігер берді. 

Екінші рет өткізілген КТК қазіргі кездің кітапханашыларының тек кітап беріп қана қоймай, көңілді, тапқыр, парасатты, сыншыл бола алатындығын және кітапты сүйетіндіктерін, сонымен қатар өзгелерді кітап оқуға тарта алатындықтарын көрсетті.  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus