Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Менің мамандығым
24.10.2016

Ақпараттық-библиографиялық бөлім Ашық есік күндері «Білім дүңгіршегіне» айналды. Бұл жерде  А.Байтұрсынов ат. ҚМУ оқытушысы А.К.Жұмабаевтың «Менің мамандығым» беделді кездесуі аясында мемлекеттік тілде білім алып жатқан ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің студенттерімен жүздесуі болды.

А.К.Жұмабаев өзінің мамандықты қалай таңдағаны туралы, ветеринария дәрігері мамандығының маңыздылығы жөнінде, өзінің болашақтағы жаспарлары жайлы айтып берді.  Оқытушының әңгімесін зейін қойып тыңдаған беделді кездесудің қонақтары өздерінің сұрақтарын қойды, өздерінің жоспарларымен бөлісіп, мамандықты таңдауда нені басшылыққа алғандарын ортаға салысты.

Студенттер мен шараның қонақтары ветеринария жөніндегі әдебиеттер көрмесімен, бөлімнің ресурстарымен және көрсететін қызмет түрлерімен танысуға мүмкіндік алды. Кездесуді жүргізген Г.С.Болатова бөлімнің кітапхана сайтына қойылған басылымдары туралы, электронды каталог туралы, «Виртуалды анықтама» қызметі, ҚЭЖ қызметі, толық мәтінді деректер базасы, «Параграф» және «Заң» ДБ туралы айтып бірді. Қонақтарға тосын сый ретінде музыкалық нөмірлер ұсынылды.

Студенттерге кітапхана бойынша экскурсия жасалып, басқа бөлімдердің жұмыстары жайында әңгімеленді.

Бөлімнің қонақтары «Ақпараттар фуршетінде» қойылған және «Не? Қайда? Қашан?» атты шашылып жатқан шығармалардағы әдебиеттермен қызыға танысты.  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus