Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Айтыс
24.10.2016
12 қазан күні «Ашық есік күні-2016» акциясы аясында Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ұйымдастырған шаралардың легі кешкі сағат 18:00-де басталған студенттер айтысымен тәмамдалды. Айтыс Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қостанай облысының 80 жылдығына арналып өткізілді. Ақындардың екпінін бағамдап, өнерін бағалаушы қазылар қатарында ақын, журналист, сықақшы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалының директоры Ахметчин Ғұмар Ғарифоллаұлы, ақын, журналист, Ыбырайтанушы, Қазақстан және Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанұлы, З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ құрметті профессоры, э.ғ.к., «Естаев» ШҚ басшысы Естаев Ибраш Естайұлы, ақын, журналист, «Қазақ радиосының» Қостанай облысындағы меншікті тілшісі Құлабаев Нұрқанат Жүнісұлы болды. Сайыс нәтижесі бойынша бас жүлдені ҚМПИ 4 курс студенті, республикалық, облыстық айтыстардың жүлдегері Ақбабақызы Нәрия, бірінші орынды А.Байтұрсынов ат. ҚМУ 3 курс студенті, облыстық, республикалық айтыстардың жүлдегері Қасым Нұрсұлтан, екінші орынды А.Байтұрсынов ат. ҚМУ 1 курс студенті, «Жас тұлпар» облыстық айтысының үш дүркін жеңімпазы, республикалық айтыстардың жүлдегері Әуезхан Ернұр, үшінші орынды А.Байтұрсынов ат. ҚМУ 4 курс студенті, облыстық, қалалық айтыстардың жүлдегері Қадыров Нұрсұлтан иеленді. Ынталандыру сыйлықтары А.Байтұрсынов ат. ҚМУ түлегі Әлкебаев Бақытжанға, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ 3 курс студенті, облыстық, қалалық айтыстардың жүлдегері Мырзабай Серәліге, Қостанай политехникалық колледжінің 3 курс студенті Жәукен Боранбайға берілді. Бұл айтысты өткізу арқылы біздің кітапхана әдеби-мәдени ортаның қалыптасуына ықпал жасап, ұлттық өнеріміздің өресін биіктетуді мақсат етті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus