Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«ХХІ ҒАСЫР КІТАПХАНАЛАРЫ: БОЛАШАҚҚА КІТАППЕН БІРГЕ» халықаралық конференциясы
25.10.2016

18 және 23 қазаны аралығында облыстық кітапхананың қызметкерлері  Қазақстан Республикасының 25 жылдығына, Алматы қ. 1000 жылдығына және Сапарғали Бегалин ат. балалар кітапханасының 65 жылдығына арналған «ХХІ ғасыр кітапханалары: болашаққа кітаппен бірге» халықаралық конференциясына қатысып қайтты. 

 Конференцияға еліміздің 11 өңірінен келген мемлекеттік кітапханалардың, аудандық және қалалардың, мұражайлар мен баспалардың мамандары, ЖОО мен қала мектептері кітапханаларының өкілдері, қала жұртшылығы және т.б. қатысты. Конференцияны ұйымдастырушылар Ресей Федерациясы мен Қырғызстаннан келген кітапханалық қоғамдастықтарды таныстырып өтті.  Конференцияға жалпы саны 200 адам қатысты. Кітапханалардың жұмыс істеуі және инновациялық дамуы мәселелері бойынша 20 астам баяндамалар оқылып, түрлі ұсыныстар тыңдалды. 

Конференцияның жұмысы пленарлық отырыс, шеберлік сыныптары түрінде өткізіліп, олардың біреуі – «EVENT- ТУР» ағылшын тілінде ұйымдастырылды.  Сондай-ақ тәжірибе алмасудың жаңа түрі – «ВООКРLАСЕ», «Алматы тарих толқынында» және Алматы  қаласының «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» көрмелері ұсынылды. Конференция кешкі «Ұлт қазынасы» кітапханалық саяхатымен аяқталды.

Қала қонақтары үшін Алматы қ. көрікті жерлерін жан-жақты әңгімелей отырып және тарихымен таныстыра отырып қала бойынша экускурсия ұйымдастырылды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus