Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Назарбаев мектебінің оқушылары бізде қонақта
26.10.2016

        Назарбаев зияткерлік мектебінің Астана және Шымкент қаласында оқитын оқушылары біздің кітапханамызға қонаққа келді. Бір аптаға созылған тоқсандық демалыстарында еліміздегі ең үздік оқушылар Қостанайға алғаш рет атбасын бұрып отыр екен. Бір аптаның ішінде өлкеміздегі көрнекті жерлерімен танысып, шолу жасаған оқушылар рухани-ағартушылық орта кітапханаға соға кетуді жөн көріпті. Оқушылар адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы бірнеше кітаптардың койнауына айналған кітап үйінің  керемет көрнісін көріп, тәнтті болды. Сонымен қатар дәл осы күні  оқушылармен  қонақжай бөлімінде Жазушылар одағының мүшесі, ақын, бес саусағынан өнер тамған ұста, керемет ағаш шебері, бірнеше жыр жинақтарының, аударма өлеңдердің, балаларға арналған тақпақтардың авторы,200-ден аса әнге сөз жазған филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбай Оспановпен кездесті. Кездесуде ақынның шығармашылығымен танысып, өлеңдері оқылып, оқушылар сұрақтар қойып, естелік суреттерге түсті. Кездесу соңында Серікбай Оспанов   мектеп оқушыларына ақ тілегін білдіріп, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ақынға гүл шоқтарын табыс етіп,  кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus