Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітап оқысаң, абыройың артар!
06.01.2017

 «Біз көрмелер ғасырында өмір сүріп жатырмыз»,- деп жазған болатын француз кітапханатанушысы Пьер Брейя.

 

Абонементтер бөлімі кітапхананың барлық оқырмандарын Жаңа жылмен құттықтайды және жаңа кітап көрмелерімен танысуға шақырады. 

         Көптеген оқырмандарды осы жылдың соңына дейін жұмыс істейтін «Әлем таныған Қазақстан» көрме-ақпараты қызықтыратыны сөзсіз. Көрменің бірінші бөлімінің негізіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыста жария еткен Тәуелсіздіктің жаһандық 7 жеңісі алынған. «ЭКСПО – 2017: әлемдік деңгейдегі жоба» деп аталатын көрменің екінші бөлімі келген жылдың басты оқиғасы – ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған.

         Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін шығару» республикалық бағдарламасы аясында шығарылған кітаптарға арналған көрме-ұсыныстар циклі ерекше қызықты болып табылады. Жыл ішінде түрлі тақырыптар бойынша шыққан кітаптармен танысуға болады. Циклді энциклопедиялық басылымдырды  жарнамалайтын көрме ашады.

         Әлем әйелдерінің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және философиялық мәселелерін білгісі келетіндер үшін жарты жыл бойы ерлер мен әйелдердің әлеуметтік және құқықтық теңдіктеріне арналған «Гендерлік саясат - әлемнің жаңа философиясы» кітап көрмесі жұмыс істейтін болады.

         Әдебиет әлемінде болып жататын маңызды оқиғалар мен атаулы күндерді біліп отырғыңыз келе ме әлде қазіргі кездегі прозаның ең үздік кітабын оқып шыққыңыз келе ме? Олай болса, «Әдебиет күні. 2017» көрме-ұсынысы мен «Қазіргі оқырмандарға қазіргі кездің авторлары керек» көрме-танысуы сізге арналған деуге болады.

         Сіздерді бөлімде көргенімізге қуаныштымыз және кітаптың көңіліңізден шығуына тілектеспіз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus