Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Өр Торғай – ерлік мекені»
24.01.2017

24 қаңтарда Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК көрме-бұқаралық жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен журналист, ақын Абылай Маудановтың «Өр Торғай – ерлік мекені» атты кітабының тұсаукесері өтті. Жиынға автордың әріптестері мен жазушылар, сондай-ақ тарихшылар мен студенттер қауымы қатысты.  Бір  жарым сағатқа созылған кеште қазақ халқының 1916 жылғы  ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты тың суреттер мен бейнежазба көрсетіліп, жырға да кезек берілді.

          «Өр Торғай – ерлік мекені» кітабына негіз болған дүниелердің өткен жылдың оныншы қыркүйегінде Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарына сапар жасаған «Өр Торғай – ерлік мекені» экспедициясының мүшесі Абылай Маудановтың саяхат барысында алған әсері мен суреттерінен жинақталғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, кітаптың жарық көруіне «Тorgay expedition» тобын ұйымдастырушылар көмектескен. Бұдан кейін кеш қонағы  жүріп өткен жолдары мен қызықты, тарихи сәттерге қалай куә болғанын көпшілікке баяндап берді. Осы аралықта құрметті қонақтар автордың ізденісіне ризашылық білдіріп, шалқар шабыт тіледі.

 Кеш соңында жиналған жұртшылық мұндай еңбектің ел тарихына бағыт сілтер үлесі мол деп түйіндеді. Өйткені тарихқа тағзым, бабаға құрмет қашан да жандана бермек. Ал бұл жолғы кітап соның жарқын үлгісі болмақ.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus