Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Мемлекет басшысының жолдауын талқылау
09.02.2017

9 ақпанда зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынған конституциялық реформаны және 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел болып өтті. Отырыстың модераторы ретінде алғашқы сөзді Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК директоры Д.Т.Дүйсебаева алды.

Дөңгелек үстелдің жұмысына қоғам өкілдері, ақындар, жазушылар, кітапханашылар мен оқытушылар қатысты.  А.Байтұрсынов ат. ҚМУ профессорлары Қалқаман Жақып пен Дмитрий Легкий кездесуге қатысқандарға конституциялық өзгерістердің мәнін түсіндіріп өтті. 

ҚР педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті мүшесі Александра Суслова заңды биліктің рөлін күшейту арқылы халықымыздың бірлігі мен келісімін қалайша нығайтуға болатындығы жөніндегі өзінің пікірі мен тәжірибесін ортаға салды.

Кездесуге қатысқандар білім беру және мәдениет саласындағы жағдайға қатысты, қылмыстық заңнамаларды гуманистік талаптарға сәйкестендіру жайы туралы және т.б. өзекті сұрақтар қойды. 

Қазіргі кезде облыстың шығармашылық қауымы мемлекет пен оның азаматтарын байланыстыра отырып өзекті міндеттерді өз мойнына ала алатын және орындай алатын азаматтық қоғамның беделді буыны болып табылады.   
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus