Казакша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Алаш идеясы - ұлттың рухани діңгегі» атты ашық дәріс
17.04.2017

14 сәуір күні  «Алаш идеясы - ұлттың рухани діңгегі» атты ашық дәріс болып өтті. Дәріске тарих ғылымдарының докторы, А. Күзембайұлы,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, С. Оспанов, А. Шаяхмет, «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының редакторы Қ. Сейдахмет, ҚМПИ тарих факультетінің оқытушысы, доцент Ө. Исенов қатысты.

«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Өйткені, Алаш — халқымыздың бесігін тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Міне, сондықтан да ашық дәріске жиналған оқырмандарға Алаш арыстарының ғұмырнамасы мен еткен еңбектері жайлы қызықты деректер айтылды. Еркін пікір алмасып, тың ұсыныстар айтылған жиын ел тарихын және тарлан тұлғаларды дәріптеу мен насихаттауда зор рөл атқара алды деп сеніммен айтуға болатындай. Келген қонақтар осындай іс-шараның маңызы көп екендігін жеткізіп, алғыстарын айтып тарқасты.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus