Казакша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
14.05.2017

13 мамырда Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхана мен ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев ат. Қостанай академиясы ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің отырысына тарих ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті Исенов Өтеген Ихсанұлы, мониторинг және білім сапасын бақылау (бағалау) бөлімінің басшысы, полиция майоры Қарабеков Қанатбек Өмірзақұлы, Қостанай қалалық мешітінің наиб имамы Қосылбаев Дархан Исламбекұлы және Л.Толстой ат. ОӘҒК директоры Дүйсебаева Дариға Төребайқызы қатысты.

Өтеген Ихсанұлы өз өмірінен және танымал тұлғалардың өмірінен мысалдар келтіре отырып әркімнің өзін бәсекеге қабілетті тұлға ретінде тәрбиелей білуінің маңыздылығын атап өтті. Қанатбек Өмірзақұлы заң шығарушы биліктің рөлін күшейту арқылы халқымыздың бірлігі мен келісімін қалайша нығайта түсуге болатыны жайындағы өзінің пікірін білдірді және тәжірибесін ортаға салды. Дархан Исламбекұлы Елбасы идеясының рухани жақтарын айтып берді және бұл курсанттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Әңгіме барысында Елбасының мақалада көтерген бірқатар мәселелері, атап айтқанда «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық. Жаңа гуманитарлық білім» жобалары сөз болды. Дариға Төребайқызы Елбасының идеясын жүзеге асыру бойынша кітапхана атқарып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті және дөңгелек үстелдің жұмысын қорытындылады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus