Казакша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Шри-Ланкадағы жұмыс пен саяхат»
15.07.2017

Шілде айының бірінші жартысында «Америка бұрышы» АРО-да Анна Блюммен кездесу өтті, кездесу оның соңғы үш жылда жұмыс істеп, өмір сүрген жері Шри-Ланка туралы әңгімеге арналды.

Спикер өзінің таныстыруын ағылшын тілінде интерактивті әңгімелесу форматында өткізді, таныстырудың мақсаты өзге елге барудан күтілетін стереотиптік ойды қалыптастыратын бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер әсері туралы талқылауға келген қонақтарды тарту, сондай-ақ, мәдениетаралық коммуникативті біліктілігі мен ашық әлемді қабылдауды дамытудың маңыздылығымен бөлісті.

Пікірталас қонақтары мен фасилитатор елдер туралы ой қалыптастырған факторлар мен өздері болған елдер туралы оң-теріс көзқарас қалыптастырған жеке саяхат тәжірибелерімен бөлісті.

 Анна Шри-Ланка туралы бұрын білгені-білмегені туралы қонақтарға сұрақтар қоя отырып, Шри-Ланканың халқы, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрлері мен қонақжайлылығы туралы айтып берді.

 Кездесу спикерге қойылған көптеген қызықты сұрақтардың арқасында белсенді түрде өтті. Кездесу English Speaking Club аясындағы осындай форматтағы жаңа кездесулерді өткізу туралы қонақтардың өтініш тілектерімен аяқталды, сондай-ақ, Шри-Ланка туралы шолу таныстырылымына, елдің қызығушылығының дамуына алғыстарын білдірді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus