Казакша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Болашақты болжағандар: «Алаш» партиясының құрылуы»
08.11.2017

Биыл «Алаш» саяси қозғалысының құрылғанына 100 жыл толуы аталып өтілуде. «Алаш» қозғалысы мен алғашқы саяси партияның дүниеге келуі, Алаш Орда үкіметінің құрылуы туған халқының болашақтағы тағдырына қатысты мәселелерді шеше алатын қазақ саяси қауымының азаматтық тұрғыдан кемеліне келгенін және әлеуетінің жоғары деңгейге жеткенін көрсетті. Арада 100 жыл өткеніне қарамастан «Алаш» көшбасшыларының көрегендігіне, адалдығына, батылдығына, жанкештілігіне, ерлігіне, ұлттың рухани қайта түлеуін қамтамасыз ететін деректерді қолдану ауқымына әлі де таң қалуға болады.

7 қарашада осы бір тарихи күнге арналған «Болашақты болжағандар: «Алаш» партиясының құрылуы» атты дөңгелек үстел өткізілді.  

Сөз сөйлегендер әр қазақстандықтың заманында еліміздің тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тіккен асыл азаматтарымыздың, қазақ ұлтының ең білімді өкілдерінің есімін білуі және естерінде сақтауы қажет екендігін атап өтісті.

«Алаш» қозғалысының құрылу тарихы жайындағы кітаптар қойылған «Алаш Рухы» кітап көрмесі қатысқандардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus