Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Байқау комиссиясының ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Бірлік пен бейбітшілік белгілері» облыстық бейнероликтер байқауының қорытындысын шығару бойынша 2017 ж. 06.10. шешімі
21.11.2017
Л. Н. Толстой атындағы
Қостанай ОӘҒК


«Бірлік пен бейбітшілік белгілері» бейнероликтер байқауы Қостанай облысы кітапханаларының арасында кітапханалардың көпшілік жұмыстарын жандандыру, жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін анықтау және жетілдіру, жаңа технологиялар мен инновацияларды қолдану мақсатында өткізілді.

Байқау 2017 жылдың 15 сәуірі мен 10 маусымы аралығында өткізілді. 

Оған 17 ОКЖ қатысты. Байқауға 24 жұмыс ұсынылды. Қарабалық және Қостанай ОКЖ үш жұмыстан, Рудный қалалық жүйесі төрт жұмыс ұсынды.

Жангелді, Науырзым және Арқалық қаласының ОКЖ ешқандай жұмыс тапсырмады.

Облыстық байқаудың қазылық міндетін атқарған төмендегі комиссия мүшелері байқаудың қорытындысын шығарды:

1.  Булатова Г.С., Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК директорының орынбасары – қазылар алқасының төрағасы

2.  Доронина С. А., Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК КДБ бас әкімшісі

3.  Иванова Т. Н., Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК ӨБ сектор меңгерушісі

4.  Сурков Д. В., Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК КПАБ бағдарламашысы 

5.  Алексеева О. А., Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК автоматтандыру бөлімінің жетекшісі.

Байқау жұмыстарын бағалау кезінде жұмысты безендіруге қойылған талаптардың, бейнематериалдардың техникалық сапасының, негізгі дизайнерлік ережелердің сақталуы назарға алынды. 


Үздік жұмыс болып танылғандар:

«ГОРДЫЕ СИМВОЛЫ НАШЕЙ РЕСПУБЛИКИ» авторлық ұжымы – Ненашева Юлия Владимировна, Солонько Наталья Анатольевна, Рудный ОКЖ №8 кітапхана-филиалы. 136 балл. Гран-при.

 «МАҚТАНЫШ, БЕЙБІТШІЛІК, ҮМІТ РӘМІЗДЕРІ» - «Символы гордости, мира, надежды» авторлық ұжымы – Базарбаева Ақсұлу Ерназымқызы, Городничая Светлана Вячеславовна, Павлецова Наталья Васильевна. Рудный ОКЖ ОҚК. 132   балл.  1-орын.

 «25 ЛЕТ СОЗИДАНИЯ И ЕДИНСТВА» жұмысы –  Бут Вячеслав Анатольевич, Денисов ОАК. 131 балл. 2-орын.

 «ҚАЗАҚСТАН РӘМІЗДЕРІ - МЕНІҢ ЖҮРЕГІМДЕ» авторлық ұжымы –  Каймусина Әсем Есмұратқызы, бағдарламашы Петрова Елена Валерьевна, оқырман  Қуандықов Әлішер, Қарабалық ОАК. 129 балл.    3-орын.

Жеңімпаздарды тағы да құттықтаймыз! Барлық байқауға қатысушыларға алғыстарымызды білдіреміз! Бұл жолы жеңімпаздардың қатарынан көрінбей қалсаңыздар, қапа болмаңыздар, келесі жолы жеңімпаз болуыңыз әбден мүмкін!

Байқауға қатысу арқылы барлығыңыз мақсатқа жету жолында өте пайдалы іс істедіңіздер.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus